Шымкентте "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлері төбелесті. Полиция оқиға болған жерге барып, бүлік салғандарды ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Еңбекші аудандық полиция бөлімінің 102- пультіне Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнына бірден полицияның патрульдік нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында орын алғаны анықталды.
Осы уақытта полиция бөліміне 20 адам жеткізілді. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды”, – деп мәлімдеді Шымкент қаласының Полиция департаменті.
Айта кетейік, Қазақстан премьер-лигасының "Ордабасы" - "Ақтөбе" футбол матчы 9 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады.