Алматы облысында төрт ай бұрын жоғалып кеткен қыздың сүйегі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Үш жасар Айя-София есімді кішкентай қыз биыл наурыз айында із-түзсіз жоғалып кеткен.
Еңбекшіқазақ ауданы полициясына баланың денесі табылғаны туралы 22 шілдеде хабарланған.
“Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, үш жасар Айя-София наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда”, – деп жазды Бауыржан Аленов.