Құрылтай депутаттары заң жобаларын өз бастамасымен ұсына алады. Бұл ретте Үкіметтің қорытындысын алу талап етілмейді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Құрылтай депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді.
Оның айтуынша, Үкімет заң жобасын енгізген жағдайда оған Үкіметтің қорытындысы қоса берілуі керек. Ал депутаттық бастамаға мұндай талап қойылмайды.
Депутат өз түзетулерін әзірлеген кезде олардың бюджетке ықпалын ескеруі қажет. Егер ұсынылған өзгерістер қосымша шығындарды талап етпесе немесе бюджет шығыстарын қысқартпаса, Үкіметтің қорытындысын алу міндетті емес.
Сонымен қатар депутаттар өз ұсыныстарының ықтимал салдарын бағалау үшін Үкіметтен қорытынды сұрата алады. Мысалы, кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды күшейту, жаңа міндеттер немесе айыппұлдар енгізу жоспарланса, мұндай қорытынды өзгерістердің салдарын бағалауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Құрылтайдың жаңа регламенті қабылданған. Құжат Қазақстанның жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң нормаларына сәйкес әзірленген. Құрылтай заң жобаларын халықаралық шарттарды ратификациялау немесе денонсациялау туралы заңдарды қоспағанда, үш оқылымда қарайды.
"Әділетті Қазақстанды қалаймыз". Депутат жедел жәрдем қызметкерін ұрған қарағандылық азаматтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
