Харассмент жасады деп айыпталған Садықовтың орнына кім келетіні белгілі болды

827
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

«Ақ жол» партиясы этикалық нормаларды бұзды және өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптармен мандатынан айырған депутат Асқар Садықовтың орнына кім келетінін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Ақ жол» демпартиялық партиясының Ұлттық кеңесі партиялық тізім бойынша Серік Ерубаевты мәжіліс депутаты етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Серік Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII-шақырылымдағы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихатының хатшысы. «Atyrau Construction services ltd» ЖШС бас директоры қызметін атқарған, – деп жазды «Ақ жол» партиясының ресми сайты.

Ақпаратта тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданатыны айтылған.

Еске салсақ, бұған дейін «депутат мәртебесіне сай емес» деген себеппен Асқар Садықов Парламенттегі қызметінен босатылған болатын.  

Пікірлер