SpaceX келісімінен кейін. Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанды

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vGtYrmZJI9TfRgAWBwoKukErFIrybmzsG5vQ4wAX.jpg

SpaceX компаниясы шамамен 75 млрд доллар инвестиция тартқаннан кейін Илон Масктың жалпы дәулеті айтарлықтай өсті. Reuters дерегінше, осы мәміле кәсіпкердің негізгі активтерінің құнын күрт арттырған, деп хабарлайды "Адырна".

Ғарыштық технологиялар, спутниктік жүйелер және жасанды интеллект бағытында жұмыс істейтін SpaceX-ке инвесторлардың қызығушылығы жоғары болып отыр. Жаңа қаржыландыру компанияның нарықтағы бағасын қайта бағалауға себеп болған.

Forbes бұрын Масктың байлығын шамамен 780 млрд доллар деп бағаласа, SpaceX акцияларының қайта есептелуінен кейін оның жалпы капиталы 1,1 трлн долларға дейін жеткені айтылады.

Масктың байлығының негізгі бөлігі SpaceX-тегі үлесіне тиесілі. Сондай-ақ оның активтерінің ішінде Tesla акциялары мен басқа да инвестициялар бар.

Сарапшылар Tesla компаниясын әлемде электромобильдер нарығының дамуын жеделдеткен негізгі ойыншылардың бірі деп санайды. Қазіргі таңда компанияның нарықтық құны да 1 трлн доллардан асады.

Оңтүстік Африка Республикасында туған Илон Маск кейін АҚШ-та білім алып, ғарыш, көлік, жасанды интеллект және цифрлық платформалар салаларында бірнеше ірі компания құрған кәсіпкер ретінде танылған.

Пікірлер