АҚШ-тың президенті Дональд Трамп өзінің бұрынғы серіктесі Илон Маскты сынады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Трамп бейсенбі күні Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында айтты.
«Илонмен арамыз өте жақсы болған. Енді солай бола ма, білмеймін», — деді Трамп.
Қаржылай қолдау көрсетіп, Трамптың сайлау науқанына 250 миллион доллардан астам қаражат бөлген әлемдегі ең бай адам Илон Маск президенттің жаңа бюджет жобасын ашық сынап, оны «жиіркенішті сұмдық» деп атады. Бұл заң жобасы Трамптың ішкі саясаттағы негізгі бастамаларының бірі — «Бір Үлкен Әдемі Заң» (One Big Beautiful Bill) деп аталады.
Маск Х әлеуметтік желісі (бұрынғы Twitter) арқылы жауап беріп, Трампты сынаған.
«Мен болмасам, Трамп сайлауда жеңіске жетпес еді», - деп жазды ол.
Олардың арасындағы текетірес нарыққа да әсер еткен. Tesla компаниясының акциялары бір күнде 15%-ға төмендеп, соңғы үш айдағы ең үлкен құлдырауға ұшырады.
Ұқсас жаңалықтар