“Аздаған сәтсіздікке ие данышпан”. Трамп Маскпен қайтара достасқанын айтты

102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Tux6SXtvwPRQK8qXMLxoEayZQBrUx5b6ghBTZBKf.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп миллиардер Илон Маскпен арадағы қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оны қайтадан досы санайтынын айтты. Бұл туралы ол ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған іс-шара барысында мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, ол президенттігінің алғашқы күнінде электромобильдерді ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралардың күшін жойған. Осыдан кейін Трамп пен Илон Маск арасында келіспеушіліктер туындап, Маск өзінің Tesla компаниясы үшін қиын кезең басталғанын айтқан.

Сөйлеген сөзінде Трамп кәсіпкердің күрделі кезеңнен өткенін, алайда қазір олардың қарым-қатынасы қайта жақсарғанын атап өтті.

«Ол 80% жағдайда — нағыз данышпан, ал 20% жағдайда сәл сәтсіздіктері бар. Бірақ мен электромобильдерді жақсы көремін», — деді Дональд Трамп.

Пікірлер