Ақтөбе қаласында облыстық әкімдік орналасқан ғимаратта өрт тіркелді, деп хабарлайды"Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дәл қазір құтқарушылар Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан алты қабатты әкімшілік ғимараттың шатырынан шыққан өртті сөндіруде.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары бес минут ішінде жеткен. Өртті толық сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында жедел штаб құрылған. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
«Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталды. Өрт жоғары дәрежелі шақырту бойынша сөндіріліп жатыр. Өрттің аумағы нақтылануда», — деп хабарлады ТЖМ өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
