Алматыда қоқыс таситын көлік өртенді (видео)

3426
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Әл-Фараби даңғылында қоқыс таситын көліктің кабинасы өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп. 

Оқиға 5 қараша күні сағат 16:25-те болған.

1991 жылы шығарылған «MAN» маркалы қоқыс таситын көліктің қозғалтқыш бөлігі мен кабинасы 4 шаршы метр аумақта өртке оранды, - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталу себеп болған.

Өрт 16:53-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Ведомство көлік құралдарының иелеріне автокөліктердің техникалық жағдайын бақылауды, электр сымдары мен отын жүйесінің жұмысқа жарамдылығын жүйелі түрде техникалық байқаудан өткізуді, сондай-ақ кабинада өрт сөндіргіштің болуы қажеттігін ұсынады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер