Париж орталығындағы ең көне базар түгел өртеніп кетті

151
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xf86odQywFUeNMulDWmHBm44fvIIneY4sRnuG02J.webp

Франция астанасының орталығында ірі өрт шығып, Париждегі ең көне жабық азық-түлік базары – Marché des Enfants-Rouges толықтай жанып кетті. Бұл туралы Le Monde басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өрт 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні Париждің III округіндегі Бретань көшесінде болған.

Оқиға туралы Париждің орталық округінің мэрі Ариэль Вейль әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Өрт бақылауға алынды, алайда базар толығымен жойылды», – деп жазған ол.

Француз БАҚ-тарының мәліметінше, өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің бірі өзін жайсыз сезінген. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Өрт шамамен 1 000 шаршы метр аумақты қамтыған. Салдарынан ғимараттың металл құрылымдарының бір бөлігі опырылып түскен. Өрт сөндірушілер жалынның көршілес ғимараттарға таралуына жол бермеген.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Marché des Enfants-Rouges базары 1615 жылы құрылған және Париждегі бүгінге дейін жұмыс істеп келген ең көне жабық азық-түлік базары саналған. 1982 жылы ол Францияның тарихи ескерткіштері тізіміне енгізілген.

Базар Марэ тарихи ауданында орналасқан. Ол жергілікті тұрғындар мен туристер арасында танымал болған. Мұнда азық-түлік дүкендері, мейрамханалар және әлемнің түрлі елдерінің тағамдарын ұсынатын сауда орындары жұмыс істеген.

Пікірлер