Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Іс Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Сот отырысы ашық режимде және қысқартылған тәртіппен өткен.
Сот шешімімен айыпталушы процесс аяқталғанға дейін қамауда қалады. Судья бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ деп таныды.
«Сотталушыға қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын, мерзімі сот істі қарап біткенге дейін ұзартылсын», – делінген қаулыда.
Жақсылық Омарға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, 190-баптың 3-бөлігі – алаяқтық (алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру), сондай-ақ 366-баптың 3-бөлігі – ірі көлемде пара алу дерегі бойынша күдікке ілінген.
Еске салайық, шенеунік ақпан айында ұсталған. Тергеу жұмыстарын Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген
Пышақ ала жүгірген. Өскеменде мектеп оқушыларының әрекетінен кейін директорға қатысты тексеріс басталды
"Айыптаудың мәні де түсініксіз". Парашюті ашылмай қаза тапқан курсант ісі бойынша әскери сот басталды
