"Опасыздық". Әзербайжан президенті Иранды қатаң айыптады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cGHPPsrKs1MZkzmYvT62Y8oVZLbqe5cpiYrJ5RQb.jpg

Ильхам Әлиев Әзербайжан Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Иран тарапына қатысты қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мемлекет басшысы Нахчыван аумағына жасалған соққыларды «цинизм мен опасыздық» деп бағалады.

Президенттің айтуынша, дәл сол күні таңертең Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Бакуге хабарласып, Әзербайжан тарапынан Ливанда қалған Иран елшілігі қызметкерлерін эвакуациялауға көмек сұраған. Себебі олар бұл жұмысты өз күштерімен атқара алмайтынын жеткізген.

Ильхам Әлиевтің сөзінше, бұл өтініштен кейін ол бірден тиісті құрылымдарға ұшақ жіберіп, көмек көрсету туралы тапсырма берген. Тіпті Иран тарапы эвакуация шығындарын төлеуге дайын екенін айтқанымен, Әзербайжан президенті мұндай қиын жағдайда көмек көрсетудің ақысыз жүзеге асатынын жеткізген.

Соған қарамастан, Нахчыванға соққы жасалғаны Әзербайжан басшысы тарапынан қатаң сынға ұшырады.

«Ал соған қарамастан Нахчыванға соққы беру — цинизм, опасыздық және төмендік. Бұл масқара олардың лас әрі жиіркенішті бетінде ешқашан өшпейді», — деді Әзербайжан президенті.

Айта кетейік, Нахчыван — Нахчыван Автономиялық Республикасы, Әзербайжанның негізгі аумағынан бөлек орналасқан стратегиялық маңызды өңір.

Пікірлер