Оқушы қызды зорлаған 71 жастағы зейнеткер сотталды

154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/a1BZ8mb2qJcjbyAwf5bWfmKdzwDXTxifKBVtS644.webp

Түркістанда 16 жастағы туысын зорлаған 71 жастағы тұрғын сотталды. Істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кәмелет жасына толмаған баланы зорлап, үйіне ұрланып кірді» деген айып тағылған Келес ауылының тұрғыны 15 жыл 6 айға сотталды. Жаза мерзімі 17 жылға дейін берілуі керек еді. Сот сотталушының жасы мен денсаулығын ескеріп, 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды, – деп түсіндірді сот төрағасы Дәурен Мадалиев. 

Сондай-ақ ер адамға өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысуға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Сотта анықталғандай, айыпталушы мен жәбірленуші көрші тұрған. Қыздың анасы Астанаға жұмыс бабымен кеткен, ал әкесі зиратта қарауыл болып істеген. Айыпталушы осы сәтті пайдаланып, қызды зорлаған. Заңсыз әрекеттер үш күнге созылған. Соның салдарынан қыз жүкті болып қалған.

Еске салайық, бұл оқиға туралы 2025 жылдың қазан айында белгілі болды. Алғашында Түркістан облысының Келес ауданындағы ауылдардың бірінде 15 жастағы қыздың 71 жастағы көршісінен босанғаны туралы ақпарат тараған.

Кейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева кейбір жайтты нақтылады. Оның айтуынша, қыз қаңтар айында Астанада босанған, ал анасының арызы тек қазан айында түскен.

Өңірлік полицияның мәліметінше, босанғаннан кейін қыз бен анасы жыныстық қатынас өзара келісіммен болғанын айтып, арыз жазудан және сараптама жасаудан бас тартқан. Осыған байланысты Келес ауданы полициясы материалдарды номенклатуралық есепке алған. Алайда 12 қазанда анасы 71 жастағы туысына қатысты ресми арыз түсірген.

Пікірлер