​​Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 70 пайызы қазақ тілінде оқиды

1592
Adyrna.kz Telegram
фото: depositphotos.com
фото: depositphotos.com

Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70%-ға жуығы қазақ тілінде оқуға ниет білдірді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәліметке сәйкес, бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.

Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.

Пікірлер