Әлібек Өмірбекұлының жаңа спектаклі – «Шідер» көрерменге жол тартады

82
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wAjpJ8bEsmaTYNpllrRHuE2mh9kLI6qBx9zN14ep.png

Қазақстанның белгілі режиссері Әлібек Өмірбекұлы жаңа спектаклімен көрерменді қуантады. Шығарма дәстүрлі театралдық үлгіден тыс, заманауи постдрамалық театр стилінде ұсынылады.

«Шідер» – Қазақстан театр тарихында барлау операцияларын сахналайтын алғашқы туынды. Спектакльде шиеленіске толы оқиғалар мен тартымды сюжеттер көрерменге ұсынылады.

Басты кейіпкерлерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Болат пен театр және кино актері Ержан Нұрымбет сомдайды.

«Шідер» – махаббат пен парыз арасындағы үнсіз майдан. Қосан мен Ақжан – бір дәуірдің балалары. Оларды тоғыстырған – Алматының ыстық көшелері, ал айырған – тағдырдың құпия жолы. Бірі – ел үшін үнсіз қызмет еткен барлаушы, екіншісі – сол елдің шеттегі қорғаушысы.

Махаббат бар, бірақ айтуға болмайды. Сағыныш бар, бірақ жол жабық. Оларды ұстап тұрған – шідер.

Драма ел тағдыры мен жеке сезім арасындағы күрес, тың әлем, тылсым қызмет пен түйсікті қозғайтын шындық туралы баяндайды. «Шідер» – парызға байланған махаббаттың хикаясы.

Пікірлер