Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі актер және режиссер Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, марқұмның отбасы мен жақындарына, туған халқына көңіл айтты.
Балтабай Сейітмамытұлы саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған көрнекті тұлғалардың бірі болды. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында көптеген жарқын образдарды сомдап, ұлттық театр өнерінің дамуына зор үлес қосты.
Өнер иесі классикалық және заманауи драматургия туындыларын терең философиялық мазмұнмен, жоғары актерлік шеберлікпен сахнада бейнелей білді. Оның шығармашылық мұрасы мен сахнадағы бейнелері қазақ мәдениетінің алтын қорында сақталады.
«Озарк» сериалы мен «Миссия невыполнима» фильміндегі танымал актер Comic Con Astana фестивалінің екінші хедлайнері атанды