Күрделі кейіпкерлердің Досқаны

211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mmpNCx1JZNwMiINkA8m7BbagQvH3BVyReFpAqSWX.jpg

Бүгін, 7 қазанда Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Жолжақсынов 75 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген. Өнер иесі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған.

Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Досқан Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және тағы да басқа фильмдерге түскен.

Актерлік өнерімен қатар режиссерлік, продюсерлік және сценаристік қызметтермен де айналысқан. Сонымен бірге халық әндері мен заманауи композиторлардың шығармаларын шебер орындайтын әнші ретінде танылған.

Пікірлер