Ержан Қазыхан АҚШ-пен ынтымақтастық бойынша ҚР Президентінің өкілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
БҰҰ жанындағы ҚРТұрақты өкілі Ержан Қазыханға тағы бір міндет жүктелді.
"Мемлекет басшысының өкімімен Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі міндеттері жүктелді", - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар