Ақ үй баж салығын енгізбек. Ақорда АҚШ-пен келіссөз өкілін бекітті

201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F8cVpvFWnDSaWQF0V6Bt2yWMwyswQvgMWhUpA46A.webp

Ержан Қазыхан АҚШ-пен ынтымақтастық бойынша ҚР Президентінің өкілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ержан Қазыханға тағы бір міндет жүктелді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі міндеттері жүктелді", - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Бұдан алдын АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда қатынасын жүргізетін барлық елдерге 25 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдегені белгілі. 

Трамп бұл туралы ақпаратты Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлаған.

«Осы сәттен бастап Ислам Республикасымен — Иранмен — бизнес жүргізетін кез келген ел АҚШ-пен жасалатын барлық коммерциялық операциялар үшін 25 пайыздық баж салығын төлейді. Бұл шешім түпкілікті және қайта қарауға жатпайды», - деп жазған Ақ үй басшысы 12 қаңтарда.

 

Комментарии
Другие материалы