Украина өз жерін ешкімге “сыйламайды" - Зеленский

1057
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0kjTgW3PxWqjD80R4clCyCyuOdoF3Rnv6OcxQvLC.webp

Украина президенті Владимир Зеленский елдің оккупацияланған аумақтарын ешкімге “сыйламайтынын” мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Украина президенті Telegram-арнасында украин халқы өз жерін қорғап, бейбіт өмір сүруге лайық екенін атап өтті.

"Бұл соғысты тоқтату керек, және оны Ресей тоқтатуы тиіс. Ресей соғысты өзі бастап, оны созып отыр. Мәселе басқа емес, дәл осында", — деді Зеленский.

Оның айтуынша, ел аумағына қатысты жауап Украина конституциясында анық жазылған және одан ешкім бас тартпайды.

"Украиндар өз жерін оккупантарға бермейді. Украина тек шынайы бейбітшілікке жеткізетін шешімдерге дайын. Бізсіз қабылданған кез келген шешім бейбітшілікке қарсы болып саналады", — деп қосты ол.

Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп және өзге де халықаралық әріптестермен берік бейбітшілік орнату үшін жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина мәселесін талқылау үшін кездесу өткізетіні хабарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, басқосу БАӘ-де өтуі мүмкін.

Пікірлер