Қазақстан кеденіндегі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталушылар ұсталды

3481
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан кеденіндегі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталушылар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" сайты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас прокуратураның бірлескен іс-қимылымен «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары қылмыстық әрекетке сәйкес прокуратура қызметкеріне 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген жерінен ұсталды.  Сондай-ақ «Cargo Management» ЖШС өкілі инспекторларға 30 мың доллар көлемінде пара бергені үшін қамауға алынды, деп хабарлады сейсенбі күні Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Бас прокуратурада нақтыланғандай, 27 қаңтарда «Берекет Логистик» ЖШС-нің жүктерін қайта тексеру барысында прокурорлар жалпы құны 22 тонна, құны он миллион теңгені құрайтын контрабандалық жүкті анықтаса, «Нұр жолы» кеден бекетінің маманы Мошканов жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Бастапқы тексеруде декларацияланбаған тауарлардың салмағы небәрі 337 кг болған.

«Тағы бір жағдайда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ақпараттық жүйелердегі ақпаратты түзету арқылы тоғыз импорттаушыға 143 миллион теңге сомасындағы тауарлардың кедендік құнының тексерісіне көз жұма қараған», - деп толықтырды қадағалау органы.

Барлық істер тергелуде.

«Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою мақсатында Үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді», - деді Дүйсембай.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді тексеру жүргізуді және кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын, содан кейін 29 қаңтарда БАҚ Қазақстанның ықпалды отбасы өкілдерімен байланысы бар кеден операторларын тексеріп жатқанын хабарлады. Кейінірек, 1 ақпандағы кездесуде Тоқаев бұл тақырыпқа тағы да оралып, кедендегі және басқа да бірқатар салалардағы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды - президент айтқандай, шекарада сыбайлас жемқорлыққа тап болғандардың жартысы кеден қызметкерлеріне пара берген. Сондай-ақ 1 ақпанда «Достық» және «Алтынкөл» кеден бекеттерінің басшылары Ерлан Өмірзақов пен Мәлік Шәуленовтің қызметінен алынғанын хабарланды. Осы күні агенттік ықпалды отбасымен байланысы бар бірқатар қазақстандық фирмалар Қытайдан, Біріккен Араб Әмірліктерінен және Түркиядан контрабандалық өнім әкелді деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Ақпанның 10-ы күні Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Қорғастағы» заңсыз схемалардан ең көп пайда алушылардың аты-жөнін тексеруден кейін жария етуге уәде берді.

14 ақпанда Ақорда үш апта ішінде Қазақстан мен Қытай шекарасындағы тексерулер бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

16 ақпанда Қазақстан ЕАЭО деңгейінде қытайлық тауарлардың «сұр» айналымы мәселесін көтерді.

22 ақпанда Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік деректердегі алшақтық 5,7 миллиард долларды құрайтыны белгілі болды. Сонымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға жүк көліктерінің 90 пайызы декларацияланбаған қытайлық тауарларды тасымалдайтыны белгілі болды.

3 мамырда Бас прокуратура кеден саласындағы заңсыз схемалардан келген шығын 165 миллиард теңгені құрайтынын хабарлады.Бас прокуратура сонымен қатар ҚазТАГ агенттігінің Қазақстандағы ең ықпалды отбасылардың біріне қатысы бар фирмалардың контрабандаға қатысты деректерін растады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер