Балаларға базарлық: Сараң сопы

10054
Adyrna.kz Telegram

«Азия халықтарының ертегілері» циклынан

Тай ертегісі

Аулақтағы бір монастырь ауласында биік ағаш өсіп тұрды. Ондағы жеміс жетіліп-пісіп, кейбірі шіруге айналғанына қарамастан ғибадатхана басшысы ешкімге үзіп жеуге рұқсат етпеді. Олтойымсыз әрі өзімшіл-тұғын. Сөйтіп, екі шаруа ептілік танытып, сол сараң сопыны алдап соғып,шырынды мәуені жиып алуды көздеді. Біреуі соған кеп, бірнеше миуаны теріп алмақ ниетте екендігін айтады.

– Жоқ, – деп қатқылдау жауап қатты, сопы. – Өзіме керек.

– Сіз мені дұрыс түсінбедіңіз, мырзам, – деді шаруа шаттанып. Бұғы етінен дайындалған *кэнгасынан дәм ауыз тиіп шықсын деп шақырғалыкелгем, негізі. Ал, жеміс тұздық үшін қажет.

– Ертерек айтпаймысың, бұ туралы! – деді қуанышы қойнына сыймаған, монастырь басшысы. – Қалауыңша ал.

Қапты толтырған диқан кешқұрым келетіндігін ескертеді. Артынша-ақ ғибадатханаға екінші шаруаеніп, бірсыпыра жеміс алмақ ойда екендігінжеткізеді. Сараң сопы рұқсат бермеген соң, ол оныкешке тауық етінен жасалған кэнгтен ауыз тиюге шақырады. Риза болған басшы қалағанынша теруін бұйырады. Ол да оңтайлы сәтті жібермес, себетті толтырған соң кетіп қалады. Кеш батқанда қос шаруагер сопыны қонаққа шақырады. Ол ғибадатханадан шығып, ауылға апарап соқпақпен артына ілесіп отырады. Торапқа келгенде бір шаруакеш:

– Әуелі, менің үйіме жүріңіз, мырзам. Ол жолдың оң жағында орналасқан, – деді.

– Жоқ, – деді екіншісі. Алдымен, менікіне соғыңыз. Отбасым дастарқан басына жайғасты.

Екі диқан ерегіскенсіп, оның қолынан ұстап, әр тарапқа тарта бастайды. Шаруагерлер шатынай дауласып, тойымсыз монахты сілкілей береді, сілкілей береді, сонда ол жалына-жалбарына бүй дейді:

– Жайыма қалдырыңдаршы! Бұғыдан әзірленген кэнгке де, тауықтан жасалған кэнгке де тәбетім шаппай тұрғаны. Жіберіңдерші, өтінем!

Қос диқан ауылға оралған соң сараң сопыныәбден ажуа қып, рақаттана күледі. Сөйтсе, кэнг тұрмақ, сайтан да жоқ екен.  

*Кэнг – тай елінің ұлттық тағамы. Оны күріштен, ұсақтап туралған ет, құс я балықтанәзірлейді, ішіне дәмдеуіш, көк қосады.

Аударған: Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі, жазушы-драматург,

әдебиеттанушы, сыншы Әлібек БАЙБОЛ.

 

Ертегі аудармашының ұсынуымен жарияланды.

Көшіріп басуға болмайды!

Пікірлер