ХАМЕЛЕОННЫҢ ТҮСІ ҚАНДАЙ? (Бауле ертегісі)

5488
Adyrna.kz Telegram

Есте жоқ ерте заманда, Ньямье құдайшартараптағы адам, аң, жан-жануар біткендішақырту үшін жұмыр жерге елшілерін жұмсайды.

Бәрі жан-жақтан жиылған соң, ол былай деп жалпақ жаһанға жар шашады:

Айтыңдар, қане! Жерде не қалайсыңдар, әрқайсың? Рұқсат етейін.

Сонда, алдыменен адам әңгімеге араласады:

Ат басын ауылға бұрып, сонда қап егін ексем деймін.

Ал, біз ну орманға орнықсақ, – деді аңдар.

Тек хамелеон ғана тіс жармады.

– Сен не сұрайсың? – деді Ньямье.

Былай ғой, – деді хамелеон. – Табаным тиген орынның барлығы маған тиесілі болса деген тілегім бар.

Мақұл, – деді айтқаны өтіп, атқаны жетіп тұрған Ньямье. Онда, ойға алғандарың орындалсын.

Міне, содан бері адамдар ауылда, ал аңдарорман-тоғайда тіршілік кешіп жүр. Ал, хамелеон қайда барса да, сол мекеннің қызылды-жасылды бояуына еніп, өз үйіндегідей алшаң басып, емін-еркін жүретін көрінеді.

*Ньямье (Ньяме, Ньяма) – аспан құдайы, кейбір Батыс Африка елдері арасындағы бастытәңір боп есептеледі.

Аударған: Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі, жазушы-драматург,

әдебиеттанушы, сыншы Әлібек БАЙБОЛ.

 Ертегі аудармашының рұқсатымен жарияланды.

Авторлық құқық сақталғандықтан көшіріп басуға болмайды!

Пікірлер