Трамп Қытайға салынатын баж салығын 145 пайызға дейін көтерді

1000
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын импорттық баж салығын бұрын айтылғаннан да көбірек арттырды. 10 сәуір күні Ақ үй түсіндіргендей, алдыңғы күні жарияланған 125 пайыздық баж салығына наурызда енгізілген 20 пайыз да қосылады. Осылайша, Қытай үшін жалпы тариф көлемі 145 пайызды құрайды. Бұл туралы Батыс ақпарат агенттіктері жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Трамп бұл салықты Пекиннің фентанил есірткісінің заңсыз саудасына байланысты әрекетсіздігімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол Қытайды "әлемдік нарыққа жеткілікті құрмет көрсетпей отыр" деп айыптады.

Бұған дейін Қытай тарапынан АҚШ тауарларына салынатын баж салығы екі есеге, яғни 20 пайызға көтерілгеннен кейін, Пекин америкалық өнімдерге тарифті 34 пайыздан 84 пайызға дейін арттыратынын мәлімдеген болатын.

Соңғы апталарда Дональд Трамп АҚШ-қа Еуроодақтан және басқа елдерден әкелінетін түрлі тауарларға бірнеше сауда баждарын енгізді. 9 сәуір күні АҚШ президенті көптеген елдерге кедендік баж салығын енгізуді 90 күнге кейінге қалдырғанымен, бұл шешім Қытайға қолданылмады. Керісінше, ҚХР үшін 125 пайыздық тариф жарияланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер