Қазақстанда аста-төк той жасағандар да салық төлеуі мүмкін

987
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ernur.kz
Сурет: ernur.kz

Қазақстанда аста-төк той жасағандар да салық төлеуі мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Информбюро31 -ге сілтеп.

Мәлімет бойынша, мемлекеттік кірістер комитеті енді асабаға, банкетке, тіпті тойбастарға кеткен ақшаны есептеуге кірісті. Егер шығын табысқа сай келмесе, салықшылар тексеріс жүргізуі мүмкін.

Көпшілік той жасау үшін несие алып, жылдар бойы жинаған ақшасын жұмсайды. Енді мемлекеттік кірістер комитеті сол шығындардың қайдан шыққанын жіті тексермек.

«Бұл процесс қоғам қайраткерлерін де, блогерлерді де, қарапайым қазақстандықтарды да айналып өтпейді. Табысы мен шығысында сәйкессіздік анықталса азаматтарға қосымша тексеріс жүргізіледі. Мысалы тойды жүргізген асаба жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Табысын декларацияда көрсету керек», дейді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер