Трампты 25 сағат бойы үздіксіз сынау. Сенатор ұзақ сөйлеп рекорд жаңартты

880
Adyrna.kz Telegram
Фото: pravilamag.ru
Фото: pravilamag.ru

АҚШ-тың демократ сенаторы Кори Букер президент Дональд Трамптың «конституцияға қайшы» әрекеттеріне қарсы 25 сағаттан астам уақыт бойы үздіксіз сөз сөйлеп, Сенат тарихындағы ең ұзақ сөйлеу рекордын жаңартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы France 24-ке сілтеп.

Букердің марафондық сөзі дүйсенбі кешінде басталып, келесі күнге дейін жалғасқан. Ол сөйлеп тұрған кезде бірде-бір рет отырмаған және үзіліс алмаған. Оның бұл әрекеті 1939 жылғы «Мистер Смит Вашингтонға барады» фильміндегі атышулы сахнаны еске түсірді.

Бұған дейінгі рекорд 1957 жылы сенатор Стром Термондқа тиесілі болған. Ол азаматтық құқықтар туралы заң жобасына қарсылық ретінде 24 сағат 18 минут бойы сөз сөйлеген еді. Алайда, Букер бұл көрсеткішті басып озып, АҚШ Сенатындағы ең ұзақ сөз сөйлеген саясаткер атанды.

Өз сөзінде сенатор Букер:

«Бұл оңшылдар мен солшылдардың айқасы емес. Бұл дұрыс пен бұрыстың айырмашылығы. Америка, сенің жүрегіңде Конституция өмір сүре ме?» – деп мәлімдеді.

55 жастағы сенатор рекорд орнатқаннан кейін әзілдеді.

«Мен біраз уақыт бұл туралы ұмытып, биологиялық қажеттіліктерімді өтеуім керек», – деп мәлімдеді.

Букердің тарихи сөзі Республикалық партияның Сенаттағы дауыс беру нәтижесіне әсер етпегенімен, оның әрекеті АҚШ тарихында есте қаларлық сәттердің бірі болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер