Израиль Рафах қаласында құрлық операциясын бастағанын хабарлады

795
Adyrna.kz Telegram
Фото: Life.ru
Фото: Life.ru

Израиль билігі Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында құрлық операциясын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24KZ-ке сілтеме жасап.

Израиль Қорғаныс армиясының ресми Telegram-каналында бұл операция аймақтағы қауіпсіздік аймақтарын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқаны айтылған. Сондай-ақ, әскери әрекеттер барысында ХАМАС қозғалысының инфрақұрылым нысандары жойылғаны хабарланды.

Израиль әскері  басқа қалаларға әуе соққыларын жалғастыруда. Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, соңғы тәулікте бұл шабуылдар салдарынан 24 палестиналық қаза тапқан.

Еске салайық, Израиль 18 наурызда ХАМАС-қа қарсы әскери қимылдарын қайта жалғастырған болатын. Бұл шешім ХАМАС қозғалысының тұтқындарды босатудан бас тартып, бітімге келу туралы жаңа келісімді қабылдамауына байланысты қабылданған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер