Зеленскийге өз ұлымдай қарадым - Беларусь президенті

1306
Adyrna.kz Telegram
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Беларусь президенті Александр Лукашенко америкалық блогер Марио Науфалға берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленскийге өз ұлымдай қарағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Белтаға сілтеп.

Сұхбат барысында Марио Науфал Зеленскийдің қиын жағдайда қалғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі оқиғалар аясында Зеленский ержүрек адам ретінде көрінгенімен, ол өзгелердің ойынындағы пешкаға айналып, соғысқа әкелген қателіктер жіберді.

"Мен де Зеленскийге жаным ашиды. Оған өз ұлымдай қарадым. Біз жақсы қарым-қатынаста болдық, Украинада кездесіп, келіссөздер жүргіздік. Ол маған ақылды адам болып көрінді, бірақ алғашқы қадамдарында көп нәрсені білмеді. Менен кеңес сұрап жүрді. Бізде жылы, достық қарым-қатынас болды. Бірақ ол ультраұлтшыл күштердің жетегінде кетті, бұл – үлкен қателік", – деді Лукашенко.

Беларусь басшысы Зеленскийдің украиналықтарға берген ең үлкен уәдесі – соғысты тоқтату екенін еске салды.

"Бірақ ол керісінше, соғысты одан әрі ушықтырды. Бұл жанжалдың өршуіне өзі себепкер болды. Саясатта жанашырлық болмайды. Сен өз елің үшін, халқың үшін жауаптысың. Ал оның саясаты елдің күйреуіне және халықтың кедейленуіне әкелді", – деп түйіндеді Лукашенко.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер