Маңғыстау облысында ер адамды пойыз қағып кетті

4386
Adyrna.kz Telegram
Фото: qarmaqshy-tany
Фото: qarmaqshy-tany

Маңғыстау облысында ер адамды пойыз қағып кетті. Қайғылы оқиға 28 ақпан күні Боранқұл станциясында болған.  Бұл туралы Көлік полициясы басқармасының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ер адам Бейнеу стансасының аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға туралы ақпарат Маңғыстау стансасының желілік полиция бөліміне берілді»,—делінген хабарламада.

ҚТЖ мәліметінше, оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің қауіпсіздік ережелерін бұзуы, рұқсат етілмеген жерден темір жолды кесіп өту.

Қазіргі таңда пойыз қозғала бастаған кезде адамды қағып кету фактісі бойынша «Абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, былтыр 75 адамды пойыз қағып кеткен болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер