Маңғыстауда аудандық полиция бастығы жауапқа тартылды

1053
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Маңғыстауда Түпқараған ауданының Полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Түпқараған ауданының Полиция бөлімі бастығының м.а. қадағалау органының актісін уақтылы қарамағаны үшін Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат беру кезінде прокурорлар заң бұзушылықтарды анықтады, яғни рұқсаттарды, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған тұлғалардың алғаны белгілі болды.

Аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Түпқараған ауданының Полиция бөліміне ұсыну енгізіліп, заңда белгіленген бір ай мерзімде қаралмаған. Осыған байланысты Полиция бөлімінің басшылығына қатысты тәртіптік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар прокурордың талабынан кейін полиция бастығының заңсыз берілген рұқсаттарының күші жойылып, 4 қару тәркіленді.

Пікірлер