«Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев елімізде пойыздар неге жиі кешігетінін түсіндірді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық компания басшысына «Нұрлан Ермекұлы, соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағымдар көбейді. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?» деп сұрақ қойды.
Сауранбаев мұндай проблема барын мойындады.
«Біздің компанияда бұл мәселе ерекше бақылауда тұр. Осы жағдай жол жөндеу жұмыстары және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы жылдары біз жол жөндеу жұмыстарын 2 есе көбейттік. Жолаушылардың алдында кешірім әрі жағдайға түсінікпен қарауды сұраймыз», – деді ҚТЖ төрағасы.