Басы дауға қалған актер Шәріп Серік мәлімдеме жасады

949
Adyrna.kz Telegram

Актер Шәріп Серік Әлия Бөтееваға қол көтергені үшін кешірім сұрады. Ол өзінің Instagram парақшасында арнайы видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Мен қаскүнемдік жасадым. Ол үшін заң бойынша барлық жазаны өтеуге дайынмын. Меніңше, көпшілігіңізге ұрыс кезінде болатын ашу, зұлымдық деген реакция таныс шығар. Менің жасағанымды қайталамаңыздар, қол көтермеңіздер», – дейді ол.

Актер Әлия Бөтееваға шапалақ бергенін де мойындап, ол үшін бойжеткеннен және ата-анасынан кешірім сұрады.

Айта кетейік, актердің лифтіге кіріп бара жатқан Әлияны қолынан жұлқылап, тартып алып кетіп бара жатқаны көрсетілген видеоны бойжеткеннің өзі жариялаған болатын. Осыдан кейін танымал тұлғалар, әлеуметтік желі оқырмандары Бөтееваға үлкен қолдау білдірді.

Бұл жағдайдан кейін Salem Entertainment актер түскен сериалдарды тоқтатты. «Патруль» сериалындағы Шәріп ойнаған сахналарды да алып тастамақшы. Кейбір компаниялар Шәріппен жарнамалық келісім-шартты үзгенін де хабарлады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер