Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда таралып жатқан метапневмовирусқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек»,—деді ол бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барған кезде.
Айта кетейік, жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирус Қазақстанда да тіркелген болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің 5 қаңтардағы мәліметтеріне сәйкес 1866 адамнан оң сынама алынған.
Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.