Қазақстандықтар болмаған. СІМ Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

400
Adyrna.kz Telegram
Фото:Yonhap
Фото:Yonhap

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 29 желтоқсан Оңтүстік Кореяда құлаған Boeing 737 ұшағына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Оңтүстік Корея билігі жариялаған алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақтың бортында Қазақстан азаматтары болмаған", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін ұшақта 181 адам болғаны белгілі болды. Құтқарылған екі адамның екеуі де ұшақтың артқы жағында отырғаны хабарланды. Оңтүстік Кореяның жергілікті билігі 62 адамның қаза болғанын ресми түрде растады.

Jeju Air компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Бангкоктан ұшып, Сеулден оңтүстік-батысқа қарай 288 км қашықтықтағы Муандағы әуежайда қону кезінде апатқа ұшырады. Шасси ақауы себебінен ұшақ  ұшып-қону жолынан шығып кетіп, қоршауға соғылып, өртенді.

Пікірлер