1937 жылы 8 желтоқсанда Ахмет Байтұрсынұлы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесілді.
Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, ғалым-әдебиеттанушы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі. Сонымен қатар, ол - қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш Орда атқарушы билігінің мүшесі.
1929 жылдың маусым айында оның саяси қызметі қайта қаралып, Ішкі істер халық комиссариатының органдары тарапынан тұтқындалды.
1934 жылы Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен М. Горькийдің әйелі Е. Пешкованың өтініші бойынша Ахмет Байтұрсынұлы босатылды.
1937 жылы қайтадан тұтқындалып, 8 желтоқсан күні Ішкі істер халық комиссариаты «үштігінің» шешімімен «халық жауы» деген айыппен атылды.
1988 жылы Ахмет Байтұрсынұлы ақталды.