Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 8 желтоқсанда ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті. Мамандардың айтуынша, қалада қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жаяу жүргіншілерге көктайғақта абай болып, тайғанау қаупін ескеру.
Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау, тежегішті күрт баспау және қауіпті аймақтардан аулақ жүру ұсынылады. Ағаштардың, электр желілерінің және басқа да бекітілмеген құрылымдардың астына көліктерді қоймау қажет.
Қаланың коммуналдық қызметтері ауа райының нашарлауына дайындықты күшейтсе, тұрғындарға жолға шығу алдында ауа райы болжамын тексеру ұсынылады.
"Жауын-шашын туралы ескерту негізінде автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да бекітілмеген құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес береді", - делінген ТЖМ хабарламасында.