Шешенстанда Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды

1970
Adyrna.kz Telegram
Фото: pobeda26.ru
Фото: pobeda26.ru

2024 жылдың 28 желтоқсанында Шешенстан Республикасында Қазақстанда апатқа ұшыраған ұшаққа байланысты қаралы күн жарияланды. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың жарлығында айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеп.

«2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ақтау қаласы маңында Баку – Грозный бағытында ұшқан Embraer 190 әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқандарға қайғырып, олардың жақындары мен туыстарына көңіл айта отырып, 2024 жылғы 28 желтоқсанды Шешенстан Республикасында қаралы күн деп жариялаймын», – делінген жарлықта.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Баку – Грозный бағытындағы ұшақ 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған болатын. Апат болған ұшақ бортында болған 67 адамның 38-і қайтыс болды. Ұшақтың экипажынан 3 адам аман қалды.

Ресей президенті Путин Әзербайжан президенті Әлиевтен кешірім сұрағағанын жазған едік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер