Андерссон акамен қоштасу. UzAuto Motors бас директоры қызметінен кетті

247
Adyrna.kz Telegram
Фото: fergana.uz
Фото: fergana.uz

UzAuto Motors бас директоры Бу Инге Андерссон қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бу Инге Андерссон UzAuto Motors және UzАuto Motors Powertrain компанияларының бас директоры қызметін атқарды.

Оның қызметтен кетуінің себебі жарияланған жоқ.

Оған арналған салтанатты шара барысында швед маманының Өзбекстандағы автомобиль өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі ерекше аталып өтті. Андерссонның басшылығымен компания бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Ол басшылық еткенде 2023 жылы 395,4 мың автомобиль шығарылып, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті. 2024 жылы да өндіріс көлемі жоғары болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Chevrolet Tracker және Chevrolet Onix модельдері жаппай өндіріске шығарылды. Компания ТМД мен Орталық Азияда жеңіл автомобильдер өндіру бойынша көшбасшы атанды. Өзбекстан Chevrolet үшін әлем бойынша екінші маңызды нарық болды. Өндірістегі жергілікті құрамның үлесі 50%-дан асты.

Бу Инге Андерссон 2021 жылдың тамызында UzAuto Motors бас директоры болып тағайындалған. Бұған дейін ол 2017 жылдан бастап жапондық Yazaki компаниясының Еуропалық бөлімшесін басқарған, ал 2009-2013 жылдары «ГАЗ тобы» президенті қызметін атқарған.

Пікірлер