Трамп қызметке кірісетін күні. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі отставкаға кетпек

991
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 2025 жылғы 20 қаңтарда өз қызметін аяқтап, АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі 28 жылға жуық мансабын тәмамдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм 26 қарашада Қазақстан үкіметіне 2025 жылғы 20 қаңтарда қызметінен кететінін және АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі 28 жылға жуық табысты мансабын аяқтайтынын хабарлады», – делінген мәлімдемеде.

Розенблюм АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігін 2022 жылғы қарашадан бері басқарып келеді. Ол АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі мансабын аяқтауға шешім қабылдаған. Елшінің мансабы бес президент әкімшілігі мен сегіз мемлекеттік хатшыны қамтиды. Ол АҚШ пен Қазақстан арасындағы нығая түскен әрі даму үстіндегі қарым-қатынастар аясында елде қызмет ету мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

«Қазақстандағы АҚШ елшісі болу мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен әсіресе қазақстандық халықты жақыннан танып, елдің барлық өңірлеріне сапар жасап, оның бірегей тарихы туралы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Мұнда жұмыс істеген уақытымда мен Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым», – деді елші.

Еске сала кетсек, 20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ-тың 47 президенті ретінде ұлықтау рәсімін өткізіп, қызметіне кіріспек.

Пікірлер