Президент Шыңғыс хан музейінде қандай жазба қалдырды?

1523
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары кезінде Шыңғыс хан музейіндегі Естеліктер кітабына не жазғаны белгілі болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыруымен жүзеге асқан бұл сапар барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты «стратегиялық әріптестік» деңгейіне көтеруге арналған бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылған.

Фольклортанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Моңғолия еліне мемлекеттік сапар Жошы ұлысының 800 жылдығына тұспа-тұс келуі үлкен символикалық мәнге ие» деп тамырлы тарихымыз, бауырластық байланысымыз тереңде екеніне маңыз берді.

Президент Шыңғысхан музейіне арнайы барып, құрметті қонақтар кітабына:
«Шыңғыс хан ұлттық музейі – ұлы тұлғаның және тұтас мемлекеттің шежіресі. Руханият ордасы ел игілігіне қызмет ете берсін. Моңғолия халқының мерейі үстем болсын!» деп жылы лебізін қалдырды.
Бұл музей – Мөде Тәңірқұт, Білге қаған, Күлтегін, Шыңғыс хан құрған көшпелі империялардың қазыналары топтастырылған бірегей кешен. Музейдің Алтын Орда мемлекетіна арналған сарайының төрінде Түркі академиясының Шыңғыс хан музейіне тарту еткен Жошы хан күмбезінің макеті жайғасқан.
Бұл туралы Монцамэ агенттігі таратқан хабарда «Музей директоры, академик С.Чулуун Президентке мемлекеттік дәстүр, тарих, мәдени қазыналарды тамашалатты.2021 жылы Халықаралық Түркі академиясы басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымдастыруымен сыйға тартқан Жошы хан мазарының макеті таныстырылды» деп хабарлады Монцаме агенттігі.
Пікірлер