Қақпаны жаба алмаған Черчесовтің кететіні жайлы мәлімет тарады

1224
Adyrna.kz Telegram
Фото: © Reuters
Фото: © Reuters

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кететіні туралы ақпарат тарады. Оның орнына үміткерлер қарастырылып жатыр. Бұл туралы E.Maulen телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл шешімді ҚФФ жаңа президенті қабылдады. Оның орнына екі қазақстандық және екі еуропалық маманның кандидатурасы қарастырылып жатыр. 

Қазір заңгерлер Черчесовтің келісімшартын заңды түрде бұзудың мүмкіндіктерін зерттеу үстінде. 

Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың шілде айында ұстады. Оның келісімшарты ӘМ-2026 іріктеу кезеңі аяқталғанша әрекет етеді. 

Ресейлік маманның жетекшілігімен Қазақстан сегіз ресми кездесу өткізіп, жетеуінде жеңіліс тапты. УЕФА Ұлттар Лигасында өз тобында соңғы орынға ие болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер