FlyArystan әуе компаниясы қаражаттың ұрланғанын растап, кінәлілерді анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл ақпарат Air Astana әуе компаниясы Telegram-арнасында жариялады.
"FlyArystan әуе компаниясының басшылығы қаражаттың ұрлану фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінді. Тергеу нәтижесінде ұрлық фактілері расталып, кінәлілерді анықтап, материалдық шығынды өтеу үшін әуе компаниясы құқық қорғау органдарына жүгінді", – делінген хабарламада.
Компания бұл соманы 9 айға арналған қаржылық есептілікте толық есепке алғанын мәлімдеді. Тергеу мүддесі үшін қосымша мәліметтер жарияланбайтынын баспасөз қызметі атап өтті.
Сонымен қатар, журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында аудит жүргізген мамандардың деректеріне сүйене отырып, кейбір тұлғалардың авиабилеттерді брондау бойынша ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізу арқылы сеніп тапсырылған мүлікті жымқырғанын жазған болатын.
"Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген – аса ірі көлемде ұрлық жасау. Залал сомасы ретінде 1 миллиард 54 миллион 710 мың теңге көрсетілген", – делінген Козачковтың жарияланымында.