"Ұшақтан қуылған домбыра". Аспапты әуеде алып жүру үшін нені ескеру керек?

1758
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Көлік министрі Марат Қарабаев ұшаққа музыкалық аспаппен ескертусіз келетіндерге ренішін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көлік министрі ұшаққа домбыра не өзге де музыкалық аспаптармен келіп, "жағдай жасалмады" деп дау шығаратын танымал тұлғаларға ренішін білдірді.

Министр ұшаққа музыкалық аспаппен жол жүру қағидасын түсіндірді.

«Музыкалық аспапты қолда ұстап отыруға болмайды, бұл қауіпсіздік ережесіне сай келмейді. Үстіңгі жүксалғышқа да кейде сыймай қалуы мүмкін. Өйткені, еліміздегі ұшақтың габариті алуан түрлі – Бомбардир-190, Боинг-737, Эйрбас-320 болуы мүмкін. Сондықтан жолаушы билет аларда немесе компанияға хабарласып, музыкалық аспаппен ұшатынын ескертіп, мәліметті нақтылауы керек. Өзімен бірге ала кіретін мүмкіндігі болмаса, компания қосымша орын сатып алуға кеңес берер еді. Мәселенің бәрі осында», - деп жауап берді министр Қарабаев.

Одан бөлек, министр бортқа ұшақпен кіріп, мәселенің мәніне бармай, дау шығаратын танымал тұлғаларды да сынады.

«Жануармен бірге сапарлайтындар да жағдайын алдын ала ескертеді. Сол секілді музыкалық аспапты да алдын ала айтса, ұшақ көлемін нақтылап алса, еш мәселе туындамас еді», - деді спикер.

Пікірлер