Қазақстанда украиналық миллионерге қаржылық алаяқтық бойынша іздеу жарияланған

220
Adyrna.kz Telegram

Украиналық миллионер Вадим Машуровқа Қазақстанда іздеу жарияланған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің өндірісінде Вадим Вадимович Машуровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлімінің 2-тармақшасы бойынша іс қаралуда (Қаржылық пирамида құру және оған жетекшілік ету, қылмыстық топтың әрекетімен, ақша, басқа мүлік немесе құқықтарды тартумен, аса ірі мөлшерде), — деп хабарлады ведомство.

Бұл әрекет үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан 7 жылға дейін айыру жазасы қарастырылған.

ҚР құқықтық статистика және арнайы есептер порталында Вадим Машуровтың 1997 жылғы туғаны және 343 күннен бері іздеуде екені көрсетілген. Іс 2023 жылдың 28 желтоқсанында Алматыда тіркелген.

Пікірлер