Дағдарыс кезеңінде адам саудасы қыза түседі

288
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Әлемді жаулаған пандемия кезінде  адам саудагерлері қиын жағдайды пайдаланып, қылмыстық әрекеттерін күшейтті. Бұл деректі Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі растаған еді. 

Адам саудасы барлық елдерде ерекше орын алады. Дүние жүзінде жүздеген мың адам осындай қылмыстардың құрбанына айналады. Олар сексуалдық немесе еңбек қанау, қарулы күштерге шақыру, қылмыстық әрекеттерге қатысу, қайыр сұрау немесе тіпті өмірлік маңызды мүшелерді сату мақсатында алып тастау үшін сатылады.

Пандемия бұл мәселені одан сайын қиындатып жіберді. Қылмыскерлер халықтың жағдайын пайдаланып, күнкөріссіз қалғандарды өз желілеріне тарта бастады. Олар көп адамның табыссыз қалғанын, ал балалардың мектепке бармай, уақытының көп бөлігін интернетте өткізетінін жеке бас мүдделеріне қолданады. 

Сонымен қатар, пандемия кезінде қозғалысты шектеу, халықаралық рейстерді тоқтату және басқа да коронавирустың таралуын тежеу ​​шаралары адам саудасының құрбандарының қашатын жері және көмек сұрайтын ешкімнің қалмауына әкелді. Дегенмен, жаңа есепте бірқатар үкіметтік емес ұйымдар барлық осы шектеулерге қарамастан, зардап шеккендерге негізгі қызметтерді көрсетуді жалғастырып жатыр.

Олар адамдарды жұмысқа орналастырамыз деп жалған уәделермен арбайды. Қазіргі құл саудасының құрбандары еңбек қанауына ұшырайды. Бұл ақиқат. 

Дағдарыс кезінде балалар өте осал жағдайда қалды. Қылмыскерлер әлеуметтік желілерді және басқа да онлайн-платформаларды жұмысқа тарту үшін сұраныс айтарлықтай өскен. 

Талдауларға сүйенсек, дағдарыс кезінде қылмыс көбейеді. Себебі, адам саудагерлері «жаңа жағдайларға» тез бейімделді. 

Пікірлер