Ақмола облысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсірген ауыл тұрғыны ұсталды

108
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ерейментау ауданының тұрғыны интернеттен үйреніп, есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіріп, фитолаборатория құрған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Бұл туралы аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ерейментау ауданы аумағында учаскелік инспекторлар «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы аясында заңсыз фитолаборатория жұмысын тоқтатты», – делінген баспасөз хабарламасында.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері есірткі құрамдас өсімдіктер өсірілген ыдыстар мен өңделген шикізатты тәркіледі. Шикізаттың нақты құрамы мен салмағын сот-химиялық сараптама анықтайды.

«Күдіктінің айтуынша, өсімдіктердің тұқымын ол жаз мезгілінде өзі жинап, арнайы бөлме дайындаған. Қажетті жабдықтарды: шамдар, терморегуляторлар, желдеткіштер сатып алған. Есірткі құрамдас өсімдіктерге қалай күтім жасау және олардан шикізат дайындау туралы ақпаратты ол интернеттен алған», – деп түсіндірді полиция депртаменті.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер