Ресей билігі ГУЛАГ тарихи мұражайын уақытша жауып тастады

750
Adyrna.kz Telegram

Ресей билігі ГУЛАГ тарихына арналған музейді біраз уақытқа жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Голос Америкиға сілтеме жасап.

Бұл музей кеңестік дәуірдегі репрессия құрбандарына арналып ашылған. Музейдің ресми мәліметі бойынша, жабылу себебі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты. Алайда бұл қадам Кремльдің тәуелсіз азаматтық қоғамға және ресми тарихқа күмән келтіретіндерге қарсы жүргізіп отырған белсенді науқанының аясында орын алып отыр.

Музейдің вебсайтында «мамандардың тексеруі кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталды» деген мәлімдеме жарияланған. Сондай-ақ, музейдің басқа да материалдарына қолжетімділік шектелген.

2001 жылы негізі қаланған музей Мәскеудің орталығында орналасқан. Мұнда ГУЛАГ құрбандарының отбасылық фотосуреттері мен заттары және ресми мемлекеттік құжаттар сақталған. ГУЛАГ - кеңес одағы кезінде құрылған еңбек лагерлері жүйесі. Миллиондаған адамдар, мемлекетке қарсы шыққандар немесе «халық жауы» деп танылғандар осы лагерлерге жіберілген еді.

 

Пікірлер