300 мыңға жуық саяси қуғын-сүргін құрбаны ақталды — Қарин

917
Adyrna.kz Telegram
Фото: semeyainasy
Фото: semeyainasy

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Qazaqstan» ұлттық арнасына берген сұқбатында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына тоқталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекеттік комиссия өткен жылдың желтоқсан айында өз жұмысын аяқтады.  Нәтижесінде 600 мың  іс құпиясыздандырылып, Президент архивінің жанынан құрылған ХХ саяси репрессиялардың материалдарын зерттеу орталығына тапсырылды. Бір іс кем дегенде 50-60 томнан тұратынын атап өту керек. Біз бір ғасырда жиналған материалдарды дәл сол көлемде 3 жыл ішінде тапсырдық. Қазіргі таңда оларды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комиссия жұмысының нәтижесінде 300 мыңға жуық адам ақталды. Олар кезінде түрлі себеппен қудаланған болатын. Есептейтін болсақ, жалпы саны 2 миллион болатын құжат жинақталды»,—деді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек етті.

Пікірлер