Қаралы жексенбі. Астанадағы өрттен 4 бала қаза тапты

256
Adyrna.kz Telegram

Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 2 мен 13 жас аралығындағы төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаза тапқан балалар 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған.

"Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жетіп, ашық өртті байқаған. Өрт алдын ала 500 ш.м. алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді", - деп хабарлады ТЖМ

Өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде.

Астана әкімдігінің мәліметінше, өртенген жеке үйде екі отбасы тұрған. Балалар қайтыс болған отбасыға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.

Екінші отбасында зардап шеккендер жоқ. Олар уақытша тұрғын үйге орналастырылды.

 

 

Пікірлер