Ақмолада газ баллоны жарылды. Үш адам қаза тапты, 16 адам зардап шекті

247
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының Сабынды ауылында бұрынғы мешітте газ жарылысынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ғимаратта ас беру рәсімі өтіп жатқан.

Облыстық ТЖД мәліметінше, жарылыс газ-ауа қоспасының жарылуы нәтижесінде орын алып, өртенусіз ғимараттың құлауы болған.

"Нәтижесінде 1978 жылы туған ер адам қаза тапты. Құтқарушылар 1983 жылғы әйел мен 2012 жылғы баланың денелерін тапты. 16 адам Астана қаласының қалалық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Сонымен қатар, құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонның алтауын шығарды.

"Қазіргі уақытта үйінділерді тазалау жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында облыстық ТЖД-нің 30-ға жуық жеке құрам мүшесі мен бес техника бірлігі, сондай-ақ, жедел құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығының психологтары мен Астана қаласының кинологиялық қызметі жұмыс істеуде", - деп мәлімдеді ТЖМ.

Жарылыстың себебі Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД-нің зерттеу сынақ өрт зертханасы арқылы анықталады.

Пікірлер